Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізбе негізінде Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңселері, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын ветеринариялық сертификат беру – көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні;
экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру – 3 (үш) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын немесе экспортқа арналған ветеринариялық сертификат (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Ветеринариялық сертификат электрондық форматта ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық сертификатты алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.7. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
республика ішінде объектінің орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде ветеринариялық сертификат алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
2) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымдық куәлік, ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық анықтама;
3) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтама;
4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісі;
5) етті, былғары-тері шикізатын тасымалдау кезінде таңбаның айқын белгілері болуы тиіс;
6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төлегені туралы түбіртек.
Рұқсаттар тізілімінен үзінді болған кезде экспортқа ветеринариялық сертификат алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
2) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымдық куәлік, ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық анықтама;
3) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтама;
4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісі;
5) етті, былғары-тері шикізатын тасымалдау кезінде таңбаның айқын белгілері болуы тиіс;
6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгені туралы түбіртек.
Көрсетілетін қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алу мүмкіндігі болған кезде жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну талап етілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша түрдегі келісімін алуға міндетті;
порталға:
республика ішінде объектінің орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде ветеринариялық сертификат алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес электрондық түрдегі мәліметтер нысаны түріндегі ақпарат;
3) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымдық куәліктің, ветеринариялық паспорттың немесе ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі;
4) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспортының немесе ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;
6) етті, былғары-тері шикізатын тасымалдау кезінде таңбаның айқын белгілері болуы тиіс;
7) ветеринариялық сертификат бланкісінің ақысын төлегені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
Рұқсаттар тізілімінен үзінді болған кезде экспортқа ветеринариялық сертификат алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес электрондық түрдегі мәліметтер нысаны түріндегі ақпарат;
3) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымдық куәліктің, ветеринариялық паспорттың немесе ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі;
4) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспортының немесе ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісінің электрондық көшірмесі;
6) етті, былғары-тері шикізатын тасымалдау кезінде таңбаның айқын белгілері болуы тиіс;
7) ветеринариялық сертификат бланкісінің ақысын төлегені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толықтығын және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді, ветеринариялық зертхананың сараптама актісін зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні байқап қарауды және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалауды жүргізеді.
Ұсынылған құжаттар сәйкес болмаған немесе осы тармақта көрсетілген дәйексіз мәліметтер ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және ұсынылған құжаттардағы сәйкессіздіктер жойылғанға дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

скачать полный текст

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *